Кур қаласы мен Сэнт-Мориц курортының арасындағы Ретийский темір жолында пойыз рельстен шығып кетті.
Алдын ала болжам бойынша апатқа жар көшкіні себеп болған. Темір жолдағы қозғалыс тоқтатылды. Жолаушылар автобустармен тасымалдануда. RTS.ch хабарлағандай, екі вагон аударылған. Полицияның ақпаратынша, жапа шеккендер бар, құрбан болғандар жоқ.