Іс-шараның ашылуында, Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Әлібек Бақаев арнайы сөз сөйледі.
«Мәдениет - халықтар арасындағы ең сенімді көпір, ол елдерді бір-біріне жақын және түсінікті етеді. Өздеріңіз білетіндей, қазақтың рухы - домбыраның үнінде, ал швейцарлықтардың жаны Альпі сұлулығынан нәр алады. Бүгін біз осы ерекше мәдени симбиоздың куәсі болдық», - деп атап өтті.
Іс-шара Меггенхорнның көптеген қонақтарының назарына ілініп, олар домбырашылардың Балбырауын, Секіртпе, Әлқисса, Ақсақ киік, Жекпе-жек, Көңіл толқыны, Еркесылқым және Адай күйлеріне таңданып, бейнекамераға түсіріп, аспаптар мен ұлттық киімдерге қызығушылығын жасырмады.
Іс-шараға Швейцария бизнесмендері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері және елшіліктің достары қатысты.