Швейцарияда әлемдегі ең ұзын аспалы көпір ашылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Вале кантонында ұзындығы 494 метр болатын жаяу жүруге арналған көпір ашылды. Бұл туралы belta.by сайты хабарлады.

Грэхен, Церматт елді мекендерін байланыстыратын көпір жерден 80 метрге жоғары орналасқан. Ені - 65 см болатын көпірдің құрылысына 750 мың доллар жұмсалған. 

ФОТО: belta.by