Бұл пойыздың ұзындығы 400 метр болмақшы. Жаңа екі палубалы құрам 2015 жылдың соңынан бастап елдің теміржолдарында жүре бастайды. Мұндай пойыздарды басқару үшін барлық машинистер мен олардың көмекшілері алдын ала даярлықтан өтуі тиіс. Жаңа пойыздар бір сапарда 1400-ге дейін адамды мінгізе алады. Ал олардың ең жоғары жылдамдығы сағатына 230 шақырымды құрайды.
Бүгінгі таңда оны жасаушылар пойыздарды тестілеуден өткізуде.