Жергілікті полицияның мәліметінше, ерлі-зайыптының құжаттары арқылы анықтаған, олардың мүрдесін өткен аптада жұмысшылар тапқан.
Дюмулиндер Ле-Дьяблер тау-шаңғы курортының тауға көтерілетін құрлығысы жанынан Тсанфлёрон мұздығында 2 615 метр биіктіктен табылған. «Денелер қатар жатты. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі киімдері бар ер адам мен әйел еді», - деді мұздық тұсындағы тауға көтерілетін аппарат тиесілі компания басшысы Бернард Тшеннен.
Оның айтуынша, жұбайлардың мәйіті мұздық ішінде жақсы сақталған. «Біздің ойымызша, олар мұздық жарығына түсіп кеткен, сонда 70 жыл жатқан. Мұздық ерігенде мәйіттерді жұмысшылар байқап қалған».
40 жастағы Марселин Дюмулин етікші, 37 жастағы Франсин мұғалима болған. Олардың бес ұл екі қызы болған. Балалар ерлі-зайыпты жоғалып кеткен соң бірнеше отбасыға берілген. Қазір көзі тірі кенже қыз ата-анасын дәстүр бойынша жер қойнына тапсырмақ.