Суға кететін бағалы металдардың жалпы құны дерлік 2 миллион АҚШ долларына дейін барады. Зерттеушілер кәріз жүйесіне алтынның сағат және аффинаж зауыттарынан келетініне сенімді. Судағы құнды металл концентрациясының аталған зауыттарға жақын маңда жоғары болуын зерттеушілер осымен түсіндіруде.
Ғалымдардың сөзіне қарағанда, су тазарту стансаларынан табылған бағалы металдар қоршаған ортаға зиян тигізбейді, ал айналымға қайтару үшін алтын бөлшектерін іздеу экономикалық тұрғыдан қарағанда ешқандай пайда әкелмейді.