Швейцарияда күн энергиясынан қуат алатын ұшақ 24 сағаттық ұшу сапарын бастады

None
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Двигателі күн энергиясынан қуат алатын Solar Impulse ұшағы швейцарлық Во кантонының Пайерн қаласы ауданындағы әскери әуежайдан алғашқы тәулік бойы тестілік ұшу сапарын бастады, деп хабарлады Би-Би-Си.

Күн энергиясымен ұшу аппаратының алғашқы ұзақ ұшуы сәуірде болған еді. Онда Solar Impulse әуеде бір сағаттан астам болды.

2011 жылы Solar Impulse Алтант мұхиты үстінен қонбастан ұшып өтуді жоспарлап отыр.