Solar Impulse 2 ұшу аппараты аэропланның үлкейтілген нұсқасы. Ол өткен жылы Құрама Штаттардың бір жағалауынан екіншісіне дейін ұшып өткен. Сондай-ақ күн энергиясынан қуат алатын бұл ұшақты адам 26 сағат басқарған. Бұл - рекордтық көрсеткіш.
Solar Impulse 2 аппаратын Бертран Пиккар мен Андре Боршберг басқарады.
Жаңа ұшу аппараты көмір пластиктерінен жасалған. Оның қанаттары "Боинг-747" ұшағынан гөрі кеңірек. Алайда Solar Impulse 2-нің салмағы 2,3 тоннаны ғана құрайды.