Бұл үй мәңгі жасыл ағаштармен көмкерілген әлемдегі алғашқы ғимарат болады. La Tour des Cedres ("Кедрлер мұнарасы") деп аталатын 36 қабатты ғимаратта жүзден астам ағаш, 6 мың бұта мен 18 мың түрлі өсімдіктер өсетін болады. Жалпы көлемі үш мың шаршы метр жасыл аумақ қамтылмақ. Өсімдіктер үйді желден, шаң мен шудан қорғайды деп күтілуде.
05:22, 24 Қараша 2015
Швейцарияда мәңгі жасыл желектермен көмкерілген 117 метрлік тұрғын үй салынбақ (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инновациялық экологиялық құрылымдармен айналысатын итальяндық сәулетші Стефано Боэри Швейцарияның Лозанна қаласында биіктігі 117 метр болатын тұрғын үй салмақ, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.