Заң жобасының авторы парламент мүшесі - Мартэн Кандинас. Оның пікірінше, ерлер мен әйелдердің бала туу бойынша демалыс құқығын теңестіріп, барша әкелерге нәресте өмірінің бірінші аптасын қызықтауға мүмкіндік беретін уақыт жетті.
Баласы дүниеге келген әкеге ақысы төленетін екі апта демалыс беру туралы заң жобасы 2014 жылғы наурызда ұсынылған болатын. Осы аптада заң жобасын елдің Ұлттық кеңесінің әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау комиссиясы қарады, деп хабарлады Euromag. «Бұл ұсынысты білдірген себебім, қоғам даму үстінде. Біз проблемалардың шешімін табуымыз қажет. Көптеген кәсіпорындар жас әкелерге бір немесе екі күн ғана демалыс береді», - деп атап өтті жоба авторы Кандинас мырза. Ол қазіргі экономикалық жағдайда жұмыс берушілерден талап етуге болатын ең көп мерзім - екі апта екеніне тоқталды.