Швейцарияда өлім жазасын енгізу үшін дауыс жиналып жатыр

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Швейцарияда өлім жазасын енгізу үшін дауыс жинау басталды, деп хабарлайды РСН агенттігі.

Жазаның бұл түрі Швейцарияда 1942 жылы алып тасталған болатын. Егер 2012 жылғы ақпанның 24-іне дейін 100 мың дауыс жиналса, елде жалпыхалықтық референдум өткізілуі мүмкін.

Баланы зорлау, жыныстық қатынасты мәжбүрлеу сияқты аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасына кесу ұсынылуда. Қол жинау жөніндегі бастаманы жақындары педофильдер мен зорлықшылардың құрбандары боған жеті адамнан тұратын топ көтеріп отыр.