АСТАНА. ҚазАқпарат – Берн кантонында 2 жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Теміржолдағы апаттан 12 адам зардап шекті, оның үшеуі – бала. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жеткен. Жарақаттанған жолаушылар ауруханаға жатқызылды. Бір адам ауыр халде жатыр деп хабарланды.
Теміржол операторының мәлімдеуінше, апатқа күшті жел себеп болуы мүмкін. Оқиға болған сәтте жақын маңдағы өлшеу стансасы желдің екпіні сағатына 136 км болғанын тіркеген.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.