Швейцариялық Базель қаласында кеңестік сарбаздардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

None
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - 9 мамыр күні Елші Мұхтар Тілеуберді басқарған ҚР Елшілігінің қызметкерлері Базель қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан және Швейцарияда жерленген кеңестік сарбаздардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою

рәсіміне қатысты.

ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хёрнли зиратында өткен шараға Елшіліктердің, бас консулдықтардың, Щвейцарияда аккредитацияланған ТМД елдерінің тұрақты және сауда өкілдіктері мен миссияларының өкілдері қатысты.