Швейцариялық кәсіпкер Қазақстанда инновациялық кірпіш зауытын салуды көздеп отыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Швейцария кәсіпкерлері Қазақстанда инновациялық кірпіш шығаратын зауыт салуға ынталы. Бұл туралы құрылыс заттарын шығаратын швейцариялық компания директоры Гидо Сакко.

«Менің компаниям құрылыс материалдарының жаңа түрін шығарады, ол сіздің ел үшін қажетті болуы мүмкін. Біздің компания ұсынып отырған кірпіштің жер сілкінісіне төтеп бере алатын, өртенбейтін және жылу сақтай алатын ерекшелігі бар. Бұл Швейцария ғалымдарының еңбегінің жемісі», - деді Гидо Сакко.

Оның айтуынша, кірпіштің құны да аса жоғары емес. Себебі, оның құрамы цемент пен ағаштан тұрады. Қазіргі уақытта аталған өнім қатардағы құрылыс материалы бағасымен бірдей сатылып жатыр.

«Оны тасымалдау қиындық туғызады. Сондықтан, біз оны осы жерден шығаруды көздеп отырмыз. Біз Қазақстанда бірнеше кәсіпорын ашуға дайынбыз, бірақ ол кірпіштер шыға бастағанда өзге өнімдерді нарықтан ығыстырып жіберуі мүмкін», - деді шетелдік кәсіпкер.