Швейцариялық прокуратура ФИФА-дағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 25 оқиғаны тергеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық прокуратура ФИФА-ға және футбол бойынша әлем чемпионаттарына байланысты сыбайлас жемқорлық жағдайларына 25 тергеу жүргізуде, деп хабарлады Gazeta.ru

Швейцарияның бас прокуроры   Микаэль Лаубер  тергеліп жатқан істі атамады, бірақ тергеудегі адамдарды еске салды. 

Олардың ішінде   ФИФА-ның бұрынғы президенті Йозеф Блаттер,   ФИФА-ның бұрынғы бас хатшысы Жером Вальке және 2006 жылғы Германиядағы әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің басшысы    Франц Беккенбауэр бар.