Швейцариялық Сьон қаласы 2026 жылғы Олимпиаданы өткізуге таласады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық Сьон қаласы Вале аймағымен бірге 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге таласуды жоспарлап отыр, деп хабарланған Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының ресми сайтында.

Бұл бастаманы "Сьон" футбол клубының президенті Кристиан Константин көтерген. Аталмыш мәселе жөніндегі арнайы баспасөз мәслихаты 2015 жылы ұйымдастырылады.

Бұдан бұрын Сьон 1976, 2002 және 2006 жылдары Олимпиада ойындарын өткізуге таласқан еді. Алайда бұл әрекеттері нәтижесіз болды.