Швейцариялық ұшқыштар күн көзінен қуат алатын ұшақпен жер шарын айналып өтпек

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Швейцариялық екі ұшқыш Бертран Пикар және Андре Боршберг 2015 жылы күн көзінен қуат алатын батареялы ұшақпен жер шарын айналып өтпек.

Әуесқойлар дайындық жұмыстарын АҚШ-та өткізуді ұйғарған. Ұшқыштар бірінші кезекте Сан-Францискодан Вашингтонға дейін қашықтықты бағындыруды жоспарлауда. Мәселен, «Импульс» атты ұшақ Еуропадан Африкаға дейін аумақты ұшып өтіпті. Әуе техникасы тек күндіз ғана емес, түнде де ұша алады екен. Дегенмен, ұшақтың бағытына желдің соғуы әсер етеді. Осылайша, ұшқыштар күн сәулесінен қуат алатын батареялардың күштілігін дәлелдеуге бел буды, деп хабарлайды 24.kz.