Швейцариялықтар жаңа әнұранның 116 нұсқасын ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның азаматтары конфедерацияның жаңа әнұран мәтінінің 116 нұсқасын ұсынды.

Олардың ішінде 70 нұсқасы неміс тілінде, 40-ы - француз тілінде, төртеуі итальян тілінде және бір нұсқасы ретроман тілінде. Жаңа әнұран әйгілі Швейцария псаломының орнын басады. Оны 19-ғасырдың бірінші жартысында дін қызметшісі Цвиссиг жазған.

Үздік әнұранға байқауды «Швейцариялық қайырымдылық қоғамы» коммерциялық ұйымы жариялап отыр.

Әділқазылар алқасы үздік он нұсқаны таңдайды. Олардың бәрі барлық ұлттық тілдерге аударылып, алдағы жылғы көктемде жұртшылықтың талқысына ұсынылады. Дауыс беру телефон шалу және СМС хабарлама арқылы жүргізілуі мүмкін. Ең көп дауыс жинаған нұсқа үкіметке жіберіледі.