Балалар алған жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Полицияның дерегінше, балалардың бірінің жағдайы ауыр. Осы оқиғаға байланысты 23 жастағы Қытай азаматы тұтқындалды. Оның мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Оқиға сейсенбі күні түстен кейін қаланың Оерликон ауданында болды.
Блалаларды балабақша қызметшісі алып бара жатқан. Ол тағы бір ер адамның көмегімен шабуылдаушыны ұстап, полиция келгенше жібермеген.
Осыған дейін Бангкокта мектеп автобусы өртеніп, адамдар қаза болғанын жаздық.