Швейцарияда «Евровидение» байқауының екінші жартылай финалы аяқталды
09:36, 16 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Швейцарияның Базель қаласында бейсенбі күні «Евровидение» ән байқауының екінші жартылай финалы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша финалға 10 өнерпаз шықты, деп жазады ВВС.
Олардың арасында Армения, Австрия, Дания, Финляндия, Греция, Израиль, Латвия, Литва, Люксембург және Мальта өкілдері бар.
Байқаудан Аустралия, Чехия, Грузия, Ирландия, Черногория мен Сербия өкілдері шығып қалды.
Сенбі күні өтетін гран-финалда екі жартылай финалдың 20 жеңімпазы өнер көрсетеді. Сонымен қатар өткен жылы жеңімпаз атанған Швейцария мен байқаудың негізін қалаушы «үлкен бестік» - Франция, Германия, Италия, Испания мен Ұлыбритания өкілдері қатысады.
Осыған дейін «Гүлдер» ансамблінің солисі халықаралық байқаудың жеңімпазы атанғаны туралы жаздық.