— Әсіресе қарт кісілер жүректерін шүберекке түйіп өтеді. Көпірдің апатты жағдайда тұрғаны анық көрінеді. Таянышы майысып, құлайын деп тұрғандықтан жүріс-тұрысы қиындаған ата-апаларымыз одан ұстана да алмайды. Бұл өте қолайсыз ғой! Неге жергілікті билік бұл жағдайды ретке келтірмейді, — деп наразылығын білдірді риддерліктер.
Осы ретте, Kazinform тілшісі қала әкімдігіне ресми салаухат жолдады.
— Хариузовка өзені арқылы өтетін көпірдің салынған жылы мұрағаттық деректердің болмауына байланысты белгіленбеген. Бұл көпірдің жалпы ұсындығы — 19 метр. 2026 жылы Риддердегі барлық қолданыстағы көпірлерге техникалық байқау жұмыстары жүргізіліп, содан кейін ғана көпірлердің нақты жағдайы анықталады. Дәл қазір Хариузовка өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу туралы дерек жоқ, — деп жауап берді Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қаныбек Төлеухан.
Демек, бұл көпірдің нақты жағдайына қатысты баға келесі жылы ғана берілмек. Ал оның күрделі жөнделетіні-жөнделмейтіні де соған байланысты болатын секілді.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде екі жаңа көпір салынатындығы хабарланған.