Швейцариялық сағат компаниясының қызметкерлеріне дәретханаға бару мұң болды
АСТАНА. KAZINFORM – Швейцариялық Jean Singer & Cie компаниясының қызметкерлері дәретханаға барса да есеп беруге міндетті. Себебі, қажетін өтеу үшін аз уақытқа сыртқа шығудың өзі үзіліс болып саналады. Мұндай ереже кәсіпорында жүргізілген тексеруі кезінде белгілі болды, деп хабарлайды BILD.
Невшатель кантонының еңбек жағдайлары басқармасы бұл жүйені қызметкерлердің құқығын бұзады деп санап, іс сотқа жіберілді. Алайда Jean Singer & Cie өкілі компания қызметкерлер арасындағы толық теңдікке ұмтылады, сондықтан үзіліс мақсаттарын ажыратпайды дегенмен келіскен жоқ. Ақыры сот жұмыс берушіні қолдады.
Осыдан кейін кейбір басқа швейцариялық компаниялар Jean Singer & Cie моделін үлгі етіп алып, жұмысшылардың дәретханада қанша уақыт өткізетінін бақылай бастады. Неміс заңгері Николь Мучкенің санауынша, мұндай ережелерді Германияда заң жүзінде енгізу мүмкін емес.
«Германияда әлдебіреу дәретхана үзілістеріне тыйым салып немесе оны қатаң түрде реттей алатынын елестете алмаймын. Өйткені, бұл сөздің шын мағынасында шұғыл қажеттілік, оны шектеулі деңгейде ғана бақылауға болады», - деп атап өтті ол.
Мучке Германияда әрбір жұмыс беруші өз қызметкерлеріне қамқорлық жасауға міндетті екенін еске салды.
«Атап айтқанда, жұмыс беруші қызметкерлердің денсаулығын сақтау шараларын қабылдауға міндетті. Егер жұмыс беруші бұл ереже бұзса, ол тіпті Германиядағы қызметкерлер келтірілген шығынды талап етіп, арыздануы мүмкін», - деп қосты заңгер.
Бұған дейін Rolex қазақстандық кәсіпкерді сотта жеңіп алғаны хабарланған болатын.
Еске сала кетсек, Швейцарияның тамақтану мәселелері жөніндегі ғалымдар шоколадты жасаудың жаңа әдісін ойлап тапты.