Адам сүйектерін 26 шілдеде саяхатшы тапты. Олар Сьондағы Вале кантоны ауруханасының Сот медицинасы институтына жеткізілді. ДНҚ салыстыруы қаза болғандардың 34 жыл бұрын Вайсмис тауы аймағында жоғалып кеткен екі альпинист екенін растады.
Олар 1992 жылдың 4 қыркүйегінде Вайсмистегі лашықтан шығып, биіктігі 4017 метр шыңға шығу үшін сапарға аттанған. Олар Альмагельдегі лашыққа дейін жетті, бірақ күн райының күрт нашарлауына байланысты сапарын әрі қарай жалғастыра алмады.
Іздеу жұмыстары бірнеше айға созылды. Құтқарушылар альпинистердің рюкзагын анықтады, алайда өздері табылмады.
Вале кантоны полициясы 1925 жылдан бері жоғалған адамдардың тізімін жүргізіп келеді. Олардың көпшілігі таулы аймақтар мен өзендерде жоғалған еді.
Соңғы жылдары Швейцария Альпілерінде мұздықтардың еріп, ондаған жылдар бұрын жоғалып кеткен адамдардың сүйектері табылып жатыр. Еріп жатқан қалың мұздың астынан ұзақ уақыт жасырынған жерлер ашылып жатыр.
2025 жылы сол кантондағы Обер-Габельхорн мұздығынан 1994 жылы жоғалып кеткен швейцариялық альпинистің сүйектері табылды.
Осыған дейін Алматы құтқарушылары қауіпті тау бағыттарын атағанын жаздық.