НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғындары Есіл өзенінің жағалауына мұқтаж жандар үшін азық-түлік пен гигиеналық заттар әкелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Держись друг!» - «Шыда бауырым!» деп жазылған қайырымдылық акциясының суреттері әлеуметтік желіде жарияланды.
Тұрғындар Кенесары хан ескерткіші маңындағы қоршауға азық-түлік пен ансисептик салынған дорбаларды іліп жатыр.
«Елордада белгісіз біреу азық-түлік, антисептик және өзге де қажетті заттар салынған пакет қалдырып кеткен. Адам атын мақтанышпен айтатын сәт», - деп жазды Facebook қолданушыларының бірі.
фото: facebook.com
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.