Лос-Анджелестің Шығыс Голливуд ауданындағы атыс салдарынан екі адам қаза тауып, екеуі жарақаттанды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Оқиға Мелроуз-Авеню көшесінде орын алды. Оқиға орнына жеткен полицейлер жарақаттанған 4 адамды байқады. Олардың екеуі қаза тауып, екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, атысты латынамерикалыққа ұқсас 20 жас шамасындағы жігіт бастады. Қара киім киген жігіт лос-анджелес көшелеріндегі бандалардың бірінің атауын атап, бір топ адамға оқ жаудырды, дейді куәгерлер. Алайда полиция бұған сүйеніп, күдіктінің неліктен мұндай әрекетке барғанын кесіп айта алмайды.