деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұдан бұрын хабарлағандай, аталмыш форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қала құрылысы, құрылыс және сәулет саласының алдына жаңа міндеттер қойған болатын.
Аймақ форумында қалалар мен елді мекендердің бас жоспарларының жобалары таныстырылып еді. Елбасы Өскемен мен Семейдің бас жоспарларының әзірлеу барысымен танысып, Шығыс Қазақстан әкімдігінің және аймақтың сәулет мектебінің жұмыстарына жоғары баға берген болатын.