Департамент директорының орынбасары Ерлан Бекішевтің айтып өткеніндей, жалпы алғанда өндірістік өнеркәсіп саласындағы баға өсімі байқалған және де тау-кен өндіру саласында 2009 жылмен салыстырғанда өнім аз өндірілген.
Азық-түлік тауарлары 10 пайызға жуық бағаға қымбаттаған, азық-түлікке жатпайтын өнімдер 6,1 пайызға, қызмет көрсету 7,7 пайызға қамбыттаған. Статистика басқармасы мамандарының айтуынша, жыл соңында өңір баға деңгейі бойынша Астанадан кейінгі екінші орынға шыққан. Қазір қаңтар айының қорытындылары бойынша ШҚО Қызылорда облысынан кейін 8-орынға тұрақтап тұр.