Туристік картаны Шығыс Қазақстан облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы әзірлеген.
«Мұнда қысқы демалыс орындары, шаңғы кешендері, мұз айдындары туралы құнды деректер бар», - дейді «ШҚО Туристік ақпарат орталығы» КММ басшысы Сымбат Рамазанов.
Бұдан тыс, туристік картада облыстыұ нысандардың орналасқан жері мен оларға баратын бағдарлар да айқын көрсетілген. Бірнеше бөлімдерден тұратын карта ШҚО-дағы 17 қысқы демалыс орны туралы толық ақпарат берілген.