Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында 1 мың га алқап өртеніп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында дала өрті өршіп тұр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«9 тамыз күні сағат20:00-де Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне Күршімауданы Құйған ауылынан 15 шақырым жерде далалы алқап өртеніп жатқаны туралыхабарлама келіп түсті. Шамамен 800 гектар аумақта құрғақ шөпөртенген. Департамент жанынан жедел штаб құрылып, тілсіз жауды ауыздықтауға 39адам мен 9 арнайы техника жұмылдырылды», – дейді Төтенше жағдайлар комитетініңресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.


Сондай-ақ 9тамыз күні сағат 10:20-да Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінеЕрейментау ауданы Қойтас ауылдық округінің Масақпай мал жайылым учаскесіндегідала өрті туралы хабарлама түскен. Мұнда 280 гектарда құрғақ шөп тұтанған.

«Өртті сөндіругеоблыстың төтенше жағдай қызметінің жекеқұрамынан 52 адам және 12 техника, орман шаруашылығы қызметінен 14 адам және 3техника, жергілікті атқарушы органдардың өртке қарсы ерікті құрылымдарынан 120адам және 22 техника тартылды», - дейді Нұрсұлтан Нұрахметов.


Соңғы жаңалықтар