ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «STOP обнал» жедел алдын алу шарасы барысында Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында жалған құжат жасаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметіне сүйенсек, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауарларға шот-фактура жазумен айналысқан.
«Олар 2018-2020 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының аумағында тоғыз мекеме құрып, заңсыз әрекеттерін іске асырған. Қылмыстық топтың жалпы айналымы 4 миллиард теңгеден асады. Қазір бұл топтың мүшелері қамауға алынды. Құжаттар, мөрлер, чек кітапшалары және 9 миллион теңге тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда», - деп хабарлады департамент мамандары.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.