Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда экономика саласына жетекшілік жасайтын облыс әкімнің орынбасары болып Қуат Тұмабаев тағайындалды. Ол осыған дейін ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қуат Тұмабаев 1980 жылдың 30 қазанында Семей қаласында дүниеге келген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық байланыс» мамандығы бойынша, ал 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2001 жылы банк қызметкері ретінде бастаған. 2003 жылдан бастап бас маман, 2005 жылдың сәуір айынан ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік алыс-беріс және несиелендіруді жоспарлау Департаментінде бөлім бастығы болып қызмет атқарды.
2005 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат және жоспарлау департаментіндегі бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
2011 жылдан бастап ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Аймақтық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2012 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры болып жұмыс атқарған.
2015 жылдың наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.
- Қуат Мұхитұлы Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінде 12 жыл қызмет атқарған. Еңбек жолын маман ретінде бастаған ол, басшылық лауазымдарға дейін жетті. ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекшілік ету барысында, өзінің кәсіпқойлығын көрсете білді, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа орынбасарын таныстыру кезінде.