ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сүйенсек, өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері өңір ормандарында 45 өрт тіркелген. Өрттің көбі найзағайдан шыққан.
«Барлық орманда демалыс және мереке күндері арнайы кезекшілік ұйымдастырылған. Орман аумағын өрттен қорғауды және оттың шыққанын дереу анықтау мақсатында мемлекеттік орман күзетінің және орман шаруашылықтарының 1 077 адамы кезекшілік атқарады», - дейді басқарма басшысының орынбасары Арман Есентаев.
Қажет болған жағдайда өртке қарсы 160 техника және 3 000-нан астам құрал-жабдық дайын тұр. Орманда авиабақылауды «Қазавиақорғау» мекемесі жүзеге асырады. Онда 2 МИ-2 тікұшақы, 1 МИ-8 тікұшақы, 1 АН-2 тікұшақы және 16 өрт сөндіруші-десантшы бар.
Сондай-ақ төтенше жағдайға уақытылы ден қою үшін аудан әкімдіктері 44 өрт сөндіру бекетін құрған. Онда жалпы саны 935 адам жұмыс істейді. Бекеттер 145 бейімделген техникамен қамтылған.