Олар арнайы бастама көтеріп, сондағы зардап шеккен отбасыларға 64 тонна ақ күріш жіберуге шешім қабылдады.
Соның ішінде Сырдария ауданынан «Алуан Ас» ЖШС басшысы Марат Бисенов пен Қазалы ауданынан «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов 20 тоннадан, Жалағаш ауданы «ҚызылордаАгросервис» ЖШС директоры Шәріпбай Күшімбаев 10 тонна және Қазалы ауданы, «Сыр маржаны» ЖШС басшысы Мінажадин Өтеев 2 тонна күріш берген. Сонымен қатар, «Даму АгроҚызылорда» қоры 12 тонна Сыр маржанын жөнелтті. Кеше шығыстағы ағайынның хал-жағдайын біліп қайтуға жасақталған арнайы делегация жолға шықты.