Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, жолдардың ашық болғандығына қарамастан Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері көлік жүргізушілерін ауа райының ығзары қайтқанша ұзақ жолға шықпауға кеңес беріп отыр. Оның үстіне, қазір республика жолдарында көктайғақ және көп бағыттар бойынша қар қалың түскен. Тіпті көлік иелері жолға шыға қалған күннің өзінде жылдамдықтың мүмкіндігінше баяу болғаны және жарықтандырғыш құралдарды қосып жүргені дұрыс. «Ал ауылдық аймақ тұрғындарын күн суытып, ауа райы бұзыла бастаған жағдайда жаяу алыс жолға шықпауға шақырамыз. Сонымен қатар, ауа райының құбылуына байланысты ақпараттарды ұдайы тыңдап, соған назар аудара жүрген жөн», деді аға инженер.