Шығыс Қазақстан облысында 14 жастағы бала суға батып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 мамырда Зайсан ауданы Кеңарал ауданында өзеннен атпен өтіп бара жатқан 2007 жылғы бозбала суға құлап, батып кетті.

«Белгілі болғандай, ол әкесімен бірге атпен терең өзеннен өтпек болған. Қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдарынан бозбала көз жұмды. Оқиға орнына жеткен жедел құтқару жасағының сүңгуіршілері оның денесін алып шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына су қоймаларында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.