Шығыс Қазақстан облысында 200 гектар дала өртенді

None
АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 200 гектар дала өртенді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Дала өрті Бесқарағай ауданының Беген және Сосновка ауылдық округтерінің шекарасында, Грачатник учаскесінде орын алған.

ТЖМ мәліметтері бойынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Тілсіз жау келесі күні таңертең ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық өрт сөндіру қызметінің және Морозов пен Беген ауылдық округтерінен жасақталған ерікті өрт сөндірушілер күшімен ауыздықталды.