«Биыл апатты су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту жұмыстары жалғасады. 2022 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында 3 апатты су қоймасы қалпына келтіріледі. 9 жаңа су қоймасын салу аясында 2025 жылға дейін Қызылорда облысында Қараөзек су қоймасының құрылысы басталады және 5 жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. Республикалық бюджет есебінен және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары есебінен 1 720 шақырым магистральдық және шаруашылықаралық каналдар қайта жаңартылады. Бұл 80 мың гектарды қалпына келтіруге және 24 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді», - деді ол министрліктің алқа мәжілісінде.
Сондай-ақ, вице-министр каналдардағы шамамен 14 мың гидротехникалық құрылыс қалпына келтіріліп, 676 шақырым коллектор реконструкцияланатын болады. 23 канал цифрландырылды.
«Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде жыл сайынғы су шығыны 458 млн млн текге метрге азайтылады. Сондай-ақ, Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ұзындығы 194 шақырым топтық су құбырларын салу мен қайта жаңартудың 5 жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл халқының саны 300 мың адамнан асатын 94 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Серік Қожаниязов.