деп хабарлайды қазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбі күні сағат 18.50-де Бесқарағай ауданы Сосновка ауылдық округіндегі Ұянбай учаскесі маңында қураған шөптер жанып, 300 гектар орманды алқапты шарпыды. Өрт ҚР ТЖМ облыстық ТЖД-ның өрт сөндіру қызметінің күшімен 12 сағаттан кейін сөндірілді. Жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ.