ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ұлы Абайдың есімі 105 көшеге берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл хәкімнің атына көше беру туралы ұсыныс түскен жоқ.
«Өскеменде - 1, Семейде 3 Абай көшесі тіркелген. Ең көбі Тарбағатай ауданында – 11 көше. Сондай-ақ өңір бойынша Абай атында 11 мектеп, 1 кітапхана, 1 музей, 1 Мәдениет үйі бар», - дейді басқарма басшысы Роза Төлемісова.
Естеріңізге сала кетсек, ШҚО-да Абай мерейтойына орай 560 шара өткізілетіндігін хабарлаған болатынбыз.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.