Шығыс Қазақстан облысында алғашқы үсік жүреді
12:12, 31 Тамыз 2018
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында күзге алғашқы үсік жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК хабарламасына сілтеме жасап, өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 2-3 қыркүйек күндері күн суытады. Түнде ауа температурасы Цельсий бойынша 3 градусқа дейін күрт төмендеп кетуі ықтимал.
Бүгін өңірде күн ала бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады. Түс ауа жауын-шашын мөлшері артуы мүмкін. Ауа температурасы - 16 градус.
Өңірде құбылмалы ауа райы сақталып отырғанына аптадан асты. Кей кездері ауа температурасы төмендесе, кейде күн күркіреп, жел үдей түсті. Өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп жатыр.