ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында биыл жергілікті маңызы бар 25 жол жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылы өңірде автомобиль жолдары саласындағы 25 жоба аясында облыстық және аудандық жолдар, сондай-ақ елді мекендерге кіретін жолдар орташа жөндеуден өтеді.
Атап айтқанда, «Семей-РФ шекарасы-Новопокровка-Петропавловка-Зұбайыр-Байтанат-РФ шекарасы», «Семей-РФ шекарасы-Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Белағаш-Дмитриевка», «Шемонайха-Усть-Таловка», «Үлкен Нарым-Күршім», «Солдатово елді мекеніне кіру жолы», «Үлкен Нарым-Күршім», «Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра», «Қарағанды-Аягөз-Боғас-Ырғызбай ата», «Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар», «Таврическое-Каменка-Завидное», «Өскемен-Тарғын-Самарское», «Шемонайха-Большая Речка», «Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы» жолдары жаңартылады.
Бұдан бөлек, биыл 8 елді мекенге кіру жолы жөнделеді деп жоспарланған.
Сондай-ақ, өңірде республикалық автомобиль жолдары саласында: «Талдықорған-Өскемен», «Қалбатау-Майқашағай» жолдары және «Осинов асуы» сияқты ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы – 85 84 шақырым. Олардың 81% - жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.