Шығыс Қазақстан облысында боран соғады

None
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанда тағы да боран соғатыны ескертілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Төтенше жағдайлар департаментінен хабарланғанындай, қар жауып, бұрқасын көтерілуі үдей түсуіне байланысты ақпанның 9-11-і күндері Шығыс Қазақстан облысының таулы өңірлерінде қар көшкіні болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға жолға шығуды шектеуді ескертті.Бұдан басқа, аймақта күн күрт суытып, ауаның температурасы 27 градусқа дейін төмендеуі күтілуде.