«Ауа температурасының төмендеуі салдарынан Уворово өзені маңында Ертіс өзені қатып қалды», - делінген хабарламада.
Аталған жерге ШҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқару органдарының өкілдері келді. Өскемен қаласынан «Нива-Марш» техникасымен екі құтқарушылар бригадасы жұмылдырылды.
Мамандар бұл аумақта мониторинг пен тексеру жүргізеді.
16:40, 25 Қаңтар 2018
Шығыс Қазақстан облысында Ертіс өзені қатып қалды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында ауа температурасының төмендеуі салдарынан Ертіс өзені қатып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.