«Арын» ауыл шаруашылығының иелері ет өңдейтін зауытты Қаратоғай ауылында салады. Жоспарланған қуаты - жылына 8 млн теңгенің 10 тонна шұжығы, 5,5 млн теңгенің 17 мың дана консерві өнімі.
Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Шоқаев «ғимараттар салынып бітті, алматылық фирмалармен технологиялық жабдық бойынша келісім жасалды. Зауытты екінші жартыжылдықта іске қосу жоспарлануда» екенін айтты.