Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара арқылы декларацияланбаған заңсыз тауарды алып өтудің жолы кесілді
16:47, 14 Қыркүйек 2010
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы бойынша КБД контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Бақты» кеден бекетінің қызметкерлерімен бірлесе атқарған шара барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара арқылы декларацияланбаған заңсыз тауарды алып өтудің жолы кесілді.
Қораптар мен бумаларға салынған киім-кешек, асхана мүлкі, санитарлық техника және өзге де халық тұтынатын тауарлар тіркемесі бар «Вольво» жүк машинасын кедендік тексеру кезінде табылды. Айта кету керек, Қытайда шығарылған трактор да декларацияланбаған болып шықты. Тауардың жалпы құны 27 миллион теңгені құрады. Төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар 10 миллион теңгені құрап отыр. Аталмыш оқиғаға қатысты 209 баптың 2 бөлімі (аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.