ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бір күнде 50-ден астам қызметкер вакцина алды.
«Вакцинациядан бұрын барлығы медициналық тексеруден өтеді. Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, құтқарушылар екпе салдыруға жіберіледі. 21 күннен кейін вакцинацияның екінші компоненті егіледі. Сондай-ақ әрбір екпе алушыға жадынама беріледі», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, құтқарушылар осал топ санатындағылардың қатарында. Өйткені апаттық-құтқару немесе алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында олар халықпен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сондықтан вакцинация вирус жұқтыру қаупін азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.