Шығыс Қазақстан облысында өлкетану мұражайы өртенді
10:29, 06 Ақпан 2009
АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат -Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Мақаншы ауылында Ә.Найманбайұлы атындағы өлкетану мұражайының қосалқы жайында өрт болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өрт кеше, ақпанның 5-інде күндіз болған: бірқабатты кірпіш ғимаратта орын алған өрт салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің: 6 адам және 2 техниканың күшімен сөндірілген.