Шығыс Қазақстан облысында өрт салдарынан ер адам көз жұмды

None
АСТАНА.  5 қаңтар. ҚазАқпарат - 4 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокий ауданы Верхняя Березовка ауылында 17сағат  02 минутта 2 қабатты үйдің пәтері жанып кетті.

Бұл туралы ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Өрт 18 сағат 05 минут кеткенде сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға Шығыс Қазақстан облысының ТЖД 4 адамнан тұратын арнайы құрамы мен өр сөндіру қызметінің 1 техникасы жұмылдырылды.

 Жалын шарпыған аумақ 2 шаршы метрді құрап отыр. Өрттің салдарынан 57 жастағы ер адам қаза тапты.