Өскемен-Зырян (0-166 км) және Омбы-Майқапшағай автожолының Қалбатау-Көкпекті (954-1002 км) учаскелерінде автокөліктің барлық түрлерінің қатынасына шектеу қойылған болатын, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігі.
Қазіргі кезде аталған екі учаскеде жол ашылып, автокөліктер қатынасы қамтамасыз етілді. Жолды тазалауға «Қазақавтожол» РМК-ның өңірлік филиалдары жұмылдырылған.
Көлік және коммуникаця министрлігі автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн екендігін ескертеді.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет ((7172) 44-46-85, 44-50-41) жұмыс істейді. Сонымен қатар, жолдар туралы ақпарат жедел ақпарат www.mtk.gov.kz және www.kad.gov.kz сайттарында жарияланып отырады.
«Қазақавтожол» РМК диспетчерлік қызметтердің байланыс телефондары:
Ақмола облысы /7162/ 77-10-15
Алматы облысы /7272/ 95-80-09, 95-88-74
Ақтөбе облысы /7132/54-46-42, 54-40-36
Атырау облысы /7122/ 29-01-44, 29-21-80
Шығыс Қазақстан облысы /7232/ 26-28-08, 24-08-98
Жамбыл облысы /7262/ 31-50-83, 31-60-05
Батыс Қазақстан облысы /7112/ 51-08-80, 51-06-10
Қарағанды облысы /7212/ 73-40-01
Қостанай облысы /7142/ 55-82-25, 55-82-30
Қызылорда облысы /7242/ 27-64-85, 27-77-06
Маңғыстау облысы /7292/ 60-53-06, 60-53-07
Павлодар облысы /7182/ 57-09-44
Солтүстік Қазақстан облысы /7152/ 36-74-39
Оңтүстік Қазақстан облысы /7252/ 55-80-95