Шығыс Қазақстан облысында сәуірдің 7-сі мен 9-ы аралығында тау беткейлерінен ағын су күшейеді деп күтілуде

None
ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Ауаның температуралық режімі көтеріліп, жауын-шашын күтілуіне байланысты сәуірдің 7-9 күндері тау беткейлерінен ағын су күшейіп, Шығыс Қазақстан облысының өзендері мен су көздерінде су деңгейі көтеріледі, су жайылып, елді мекендері басу қаупі бар,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар қызметі.
Төтенше жағдайлар қызметінің ескертуінде мұзы сөгілген шағын өзендер мен жылғалардан аққан су деңгейі көтеріліп, ірі өзендерден кем емес су басу салдарына соқтыруы мүмкін екеніне назар аударылған.